Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Өзбекстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады
19:29 / 2021-07-19

Қадірлі отандастар!

Еліміздегі барлық момын-мұсылмандарды, бүкіл халқымызды бейбітшілік, ризашылық, мейірімділік пен жомарттықтың символы болған мүбәрак Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтап, ізгі тілектерімді жеткізіп тұрғаныма қуаныштымын. 

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, осы қасиетті мерекені тойлап жатқан жер бетіндегі барлық мұсылман қауымына, шетелдік достарымыз бен серіктестерімізге халқымыздың атынан шын жүректен сәлем жолдаймыз.

Биылғы Құрбан айт мерекесінің еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп жатқандығы оның қайталанбас көркі мен салтанатын одан әрі арттыра түсуде.

Соңғы жылдары халқымыздың жанқиярлық еңбегімен барша салалар қатарында қасиетті дінімізді, ұлттық және діни құндылықтарымызды қалпына келтіру, дамыту және насихаттау бойынша үлкен жұмыстар жасалуда және ислам руханиятының дамуына үлкен көңіл бөлінуде.

Өзбекстан Халықаралық Ислам академиясы, Өзбекстандағы Ислам өркениеті орталығы, Имам Бухари, Имам Термізи, Имам Матуриди атындағы халықаралық ғылыми орталықтар, Хадис білім мектебі және Мир Араб жоғары медресесі сынды жаңа мекемелердің ашылуы хадис, калам, фиқһ мектептерінің негізі қаланғаны мен ондаған жаңа мешіттер, зиярат орындардың салынуы мен жөнделуі осы бағыттағы жұмыстардың қаншалықты ауқымдылығынан дерек береді.

Құрметті отандастар!

Қоғамдағы тұрақты бейбітшілік пен тыныштықтың маңызды қағидаларының бірі әлеуметтік және діни төзімділік екендігі бәрімізге белгілі. Біздің ең үлкен байлығымыз - еліміздегі түрлі конфессиялардың өкілдері бір отбасы, достық пен ынтымақтастық атмосферасында өмір сүріп, аяулы Отанымыздың дамуына лайықты үлес қосып өмір кешуде.

Халқымыз ғасырлар бойы діни және зайырлы ғылымдардың үйлесімді дамуының бірегей тәжірибе мектебін құрғаны белгілі. Бұл идеяның іс жүзінде расталуын бүкіл әлем халқын өзінің ерекше ғылыми жаңалықтарымен, рухани және ағартушылық ойларымен таңдандырған ұлы ғалымдарымыз бен ғұламаларымыздың баға жетпес мұралары мысалында айқын бейнеленген.

Бүгінг таңда осындай сирек кездесетін рухани қазынаны терең зерттеуге үлкен мүмкіндіктер ашылуда.

Сенімім кәміл, екі дүние бақытына жету жолында үлкен арман-ниетпен өмір сүріп келе жатқан асыл халқымыз жас ұрпаққа рухани тәрбие беруде осы мүмкіндіктерден тиімді пайдаланса, осы үлкен жетістіктердің игілігін көрері сөзсіз.

Қадірлі де құрметті отандастар!

Қазіргі күрделі пандемия жағдайында діни ғибадатты үй жағдайында оқу бойынша ұлы ғұламаларымыздың ұсынысы - халқымыздың өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған ең дұрыс шешім екені даусыз.

Осынау ұлы күндерде бәріміз Жаратқан Алладан бүкіл адамзат басынан өткеріп жатқан мынадай ауыр сынақтарды жеңуге көмектесуін сұраймыз.

Сіздерді, мүбәрәк Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын және баршаңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін.

Еліміз әрдайым тыныш, халқымыз әрқашан сау болсын!

Өзбекстан Республикасы Президенті

Шавкат Мирзияев