Мемлекет басшысы заманауи тігін өндірісі және инновациялық көшпелі кинотеатр жобасымен танысты
Шавкат Мирзияев 1 мамыр күні Терміз қаласындағы «Zif Textile» жауапкершілігі шектеулі серкітестік кәсіпорынына барды.
Шавкат Мирзияев 1 мамыр күні Терміз қаласындағы «Zif Textile» жауапкершілігі шектеулі серкітестік кәсіпорынына барды.
Осы заманауи кәсіпорынды салу үшін құрылысы аяқталмаған ғимаратқа 16 млрд сумдық инвестиция салу шартымен құны «нөлдік» көрсеткіштегі соммада берілген болатын. Керекті құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи цехтар, қоймалар мен әкімшілік бөлмелер салынды. Германия, Италия, Түркия дан тігін машиналары әкелініп, мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Мемлекет басшысы кәсіпорынның қызметімен танысты, осы кәсіпорында жасалған өнімдерді қарап шықты, мамандар және тігіншілермен әңгімелесті.

Компания биылғы жылы 29 миллион долларға жуық балалар мен ересектерге арналған киім-кешек, джинс киімдерін және 8,8 миллион долларлық өнімдерді экспорттауды жоспарлап отыр.

Осы жерде, «Киномобиль» - Өзбекстанда алғашқы иновациялық көшпелі кинотеатр жобасының тұсаукесері өтті. Оның бастамашысы «Cinema Servis» ЖШС болып табылады және бұл жоба Сыртқы экономикалық қызметтегі ұлттық банкпен бірлесіп жүзеге асырылуда.




Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.