Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша жиын өткізуде
18:52 / 2021-05-28

Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен өңірлердегі ипотекалық бағдарламаларды іске асыру, көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін салу, оларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған бейнеконференциялы жиын өтуде.

Биылғы жылы «Обод Қишлоқ» және «Обод Махалла» бағдарламалары, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үймен қамтамасыз ету аясында 7794 ауыл мен махалла қалпына келтіріледі. Осыған байланысты 18 трлн сум бөлінетін болады.

Сонымен қатар, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, ішкі жолдарды салу мен жөндеуге қосымша 300 миллион доллар бөлінді. Нәтижесінде ауыз сумен қамтамасыз ету саласында 1400 шақырым желілер салынып, қайта жаңартылды және 8500 шақырым ішкі жол жөндеуден өтті.

туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша 368 нысанда жұмыс жоспарланғанымен, Ташкент, Науаи, Наманган, Самарқанд және Ферғана облыстарынан басқа аудандарда жұмыс әлі басталмаған.

Мемлекет басшысы шенеуніктерге екі апта ішінде барлық нысандардың жобалық-сметалық құжаттарын аяқтап, құрылыс және жөндеу жұмыстарын бастауды тапсырды.

Бұл жағдайда балабақша, мектеп, отбасылық дәрігерлік пункті, емхана сияқты әлеуметтік нысандардың жобалық құжаттары бір апта ішінде дайын болуы керек екені айтылды.