17 мамырда Президент Шавкат Мирзиёев ұлттық техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралардың таныстырылымына қатысты.
Қазіргі кезде Өзбекстанда 30 мыңға жуық стандарттың 19 мыңы халықаралық нормалармен үйлестіріліп, жаһандық стандарттардың тізілімі құрылды.
Нарықтық экономика тетіктеріне кері әсер ететін ескірген 5600 стандарт практикадан алынып, ал 3500-і заман талабына сай жетілдірілді және Халықаралық аналогтарға сәйкес қосымша 26 техникалық регламент әзірленді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруші кәсіпорнында «Global G.A.P.» және «Organic» стандарттарға негізделген сапа жүйесі енгізілді және олар халықаралық деңгейде сертификатталды.


32 тоқыма кәсіпорны «Oeko-Tex» стандарттары негізінде сертификатталды. 21 компания Еуропалық Одақта талап етілетін «СE» таңбасын растайтын сертификаттарға ие болды.
Сонымен қатар, өндірістік, экспорттық және импорттық процестердегі стандарттарға байланысты көптеген басқа міндеттер бар болып, олардың кейбірі кәсіпкерлерге қиындық туғызуда.
Бүгінгі презентацияда осы мәселелерді шешу және жергілікті жерлерде тәртіпті жақсартуға арналған ұсыныстар талқыланды.
Осы тұрғыдан алғанда мәселен, бүгінде санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылармен қатар 3400 өнім түріне сәйкестік сертификаты қажет.
Мемлекет басшысы шенеуніктерге санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыға жататын өнімдердің тізімін оңтайландыру, қосымша сәйкестік сертификаттарына қойылатын талаптың күшін жою туралы мәселені қарастыруды тапсырды.
Импорттық өнімдер сынағы кедендік ресімдеу кезінде жүзеге асырылады. Ол процес 60 күнге дейін созылады. Сондықтан осыған байланысты құжаттарды орналастыру жүйесін кедендік электронды бағдарламада жүйесіне енгізу арқылы 30 күнге дейін қысқарту міндеті қойылды.
Саланы жетілдіру үшін әлемдік тәжірибе қолданылады. Атап айтқанда, Еуропада тек 28 түрдегі қауіптілігі жоғары болған өнім ғана міндетті сертификатталады, қалған барлық тауар түрлері сәйкестік декларациясымен расталады.



Презентеция барысында мұндай жүйені тәжірибе ретінде қолданысқа енгізу қажеттілігі айтылып, бастапқыда өнімнің 800-ге жуық түріне декларация рәсімі енгізілетін болды.
Халықаралық талаптарға сәйкес келмейтін 11 мың ұлттық стандарттардың орнына халықаралық стандарттарды қабылдау және барлық кәсіпорындарды 2023 жылдан бастап осы стандарттарға көшіру тапсырылды.
«Узстандарт» Агенттігі жүйесіндегі 20 сынақ зертханасының қызметін халықаралық деңгейде ұйымдастыру, ең алдымен тамақ, ауыл шаруашылығы, электротехника, жеңіл өнеркәсіп, гигиена және парфюмерлік өнімдері мен құрылыс материалдары халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалауды жолға қою маңызды екені айтылды.
Еуропалық Одақтың «GSP +» жүйесінің артықшылықтарын толық пайдалану үшін кәсіпорындарға халықаралық сертификаттарды алуға көмектесу қажет екендігі атап өтілді.
ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер және санитарлық-фитосанитарлық шаралар туралы келісімінің нормаларына сүйене отырып, міндет - осы салаларға жауапты ведомстволардың өкілеттіктерін нақты анықтау.