Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Венгрия батырларының рухына құрмет көрсетті
15:26 / 2022-10-04

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Венгрияға ресми сапары аясында Будапешт қаласындағы Батырлар алаңындағы мемориалдық кешенге гүл шоғын қойды.

Мемлекет басшысы Венгрия мемлекеттілігін құруға үлес қосқан ұлы тұлғалар рұхына құрмет көрсетті. Салтанатты шара құрметті қарауылдың қатысуымен, әскери оркестрдің әуенімен өтті.

Бұл жер Будапешттің басты алаңдарының бірі болып табылады және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Алаңның ортасында Мыңжылдық колоннасы, оның астында мажар тайпаларының 7 басшысының мүсіндері орналасқан. Бұл ескерткіш венгрлердің қазіргі отаны ашылуына және Венгрия Корольдігінің құрылғанына арналған.

Кешенде венгр халқының атақты өкілдерінің мүсіндері бар 2 баған бар. Ескерткіш алдында венгр батырларының құрметіне ескерткіш тақта орнатылған.