Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы вакцинацияны жеделдету керектігін айтты
01:13 / 2021-07-29

Президент Шавкат Мирзияев 28 шілдеде өткен видеоселектор жиынында Өзбекстандағы эпидемиологиялық ахуал нашарлағаны және вакцинацияны жеделдету керек екенін айтты.

- Пандемия тағы ушықты. Бізде қаншама мүмкіндіктер мен резервтер таусылуда. Бізде халқымыздың денсаулығы туралы ойлаудан басқа амалымыз жоқ. Қанша қажет болса, сонша береміз. Әрбір азаматтың өмірі үшін күресеміз. Осы мүмкіндікті пайдаланып, тағы бір рет отандастарымызға мынаны айтқым келеді: сіз өз денсаулығыңыз үшін жауаптысыз. Вакцинация, вакцинация және бір мәрте вакцинация, - деді Шавкат Мирзияев.

Мемлекет басшысы 29 шілдеде Америка Құрама Штаттарынан елге 3 миллион доза вакцина келетінін және әр облыс әкіміне вакцинацияны жүйелі бақылауға алу тапсырылғанын атап өтті:

- Вакцинацияланған науқасқа төрт күнде жауап берілуде, ал вакцина алмаған адамдар өте қатты қиналуда. Өкінішке орай, зиялы қауым бұған қарсы шығып, адамдарды адастыруда. Рас, вакцинация алғандар да ауырып жатыр, бірақ оларда бұл жағдай жеңіл өтуде. Біз Ресей басшыларымен тамыз айының басында елімізде Спутник V вакцинасын шығару туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Неліктен? Қазіргі талдаулар көрсеткендей, біз ондаған жылдар бойы осы апатпен күресуіміз керек және біз бұған дайын болуымыз қажет.

Мен бүгін де осы мәселе бойынша әлем ғалымдарының пікірлерін оқыдым. Олар коронавирустық пандемия ондаған жылдарға созылады деп болжауда. Осыны ескере отырып, біз өзімізде қытайлық және ресейлік вакциналар өндірісін ұйымдастырудамыз. Қазіргі жағдайды ескере отырып, біздің басқа амалымыз жоқ. Атап айтқанда, бізде вакцинацияны медициналық қызметкерлерге, мұғалімдерге және басқа қызмет көрсетушілерге міндетті етуден басқа таңдау жоқ, - деді Мемлекет басшысы.