ӨР Президенті Шавкат Мирзияев Қашқадария облысына жасаған сапары аясында Қаршы қалалық Жастар орталығында өткен қашқадариялық жастармен кездесуде, Қаршы мемлекеттік университетінің студенті Шохида Джураеваға екі бөлмелі пәтер сыйлады.
Жоғары және арнайы орта білім министрлігінің хабарлауынша, студент Президентпен әңгімесінде жастардың, жас отбасылардың психологиялық мәдениетін арттыру, оларды үлкен өмірге тәрбиелеу мақсатында «Жас психологтар» орталығын құруды ұсынған болып, бұл ұсынысты Мемлекет басшысы мақұлдады.
- Президенттің жаңадан ашылған Жастар орталығына келіп, біздермен жеке өзінің сұхбат өткізуі үлкен қуаныш сыйлады. Кездесуде мен жастардың, жас отбасылардың психологиялық мәдениетін арттыру, оларды үлкен өмірге тәрбиелеу мақсатында «Жас психологтар» орталығын құруды ұсындым. Бұл ұсынысты Президент мақұлдады, - деді Шохида Джураева.

Министрліктің хабарлауынша, Шахида Джураева биыл шет тілдер факультетіне филология және тілдерді оқыту (ағылшын) саласына мемлекеттік грант негізінде оқуға қабылданған.
