French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
16:55 / 2023-08-31

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев 31 тамызда «Жаңа Өзбекстан» саябағында болып, Тәуелсіздік монументі түбіне гүл шоғын қойды.

Бұл ескерткіш Отанымыздың, ержүрек, бейбітсүйгіш және еңбекқор, қаһарман халқының құрметіне арналған. Ол ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығына арналған Президент идеясы негізінде бой көтерген. Республика өміріндегі маңызды оқиғалар мен шетелдік сапарлар кезінде мұнда гүл шоқтарын қою дәстүрге айналған.

Салтанатты шараға Олий Мажлис Заң шығару палатасы және Сенаты, Президент Әкімшілігі, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, Ташкент қаласы жұртшылығының өкілдері қатысып, ескерткіш түбіне гүл шоқтарын қойды.