Мемлекет басшысы туған күнімен құттықтаған баршаға алғыс айтты
Менің атыма айтылған, мен үшін аса қадірлі болған осынау құттықтаулар мен тілектер ең әуелі, Өзбекстан халқы мен мемлекетіне деген ең үлкен құрмет, еліміздің бүгіні мен ертеңіне деген сенім ретінде қабылдаймын
Туған күніме орай шын жүректен құттықтап, шынайы лебіз тілектерін жолдаған барлық мемлекет және үкімет басшыларына, шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне, халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне, іскер топтардың жәнеде еліміздегі махаллалар мен еңбек иегерлеріне, түрлі кәсіптердегі барлық отандастарымызға шын жүректен ризашылығымды білдіремін.
Менің атыма айтылған, мен үшін аса қадірлі болған осынау құттықтаулар мен тілектер ең әуелі, Өзбекстан халқы мен мемлекетіне деген ең үлкен құрмет, еліміздің бүгіні мен ертеңіне деген сенім ретінде қабылдаймын.
Осы мүмкіндікті пайдалана тұрып, еңбекқор, көңілі дархан, жомарт халқымызды тағы да шын жүректен перзенттік шын мейірлі құрметімді білдіремін.
Көпұлтты халқымызбен бірге бүгінгі қиын сынақтардан өтіп, туған Өзбекстанның дамуы мен халқымыздың әл-ауқаты үшін алға қойған ұлы мақсаттарға қол жеткізетінімізге сенімдімін.
Шавкат МИРЗИЯЕВ,
Өзбекстан Республикасы Президенті