English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Түркіменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасарын қабылдады
20:29 / 2021-09-14

14 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев екіжақты үкіметаралық комиссиялардың отырыстары аясында біздің елде жүрген Түркіменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Эсенмират Оразгелдиевті қабылдады.

Кездесу барысында жоғары деңгейдегі тұрақты келіссөздер бауырлас елдер арасындағы достық, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға, оларды нақты мазмұнмен байытуға қызмет ететіні атап өтілді.

Эсенмират Оразгелдиев Өзбекстан басшысына жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Ол сондай-ақ жақын күндері Ташкентте екіжақты ынтымақтастық пен су ресурстары бойынша бірлескен үкіметаралық комиссиялар отырыстарының негізгі нәтижелері туралы қысқаша ақпарат берді.

Мемлекет басшысы Өзбекстанда өтетін саммитке мұқият және жан-жақты дайындықты пысықтау, ең алдымен, маңызды күн тәртібін қалыптастырудың, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық жобалары мен мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламаларын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.