French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы ТМД Бас хатшысымен кездесу өткізді
17:41 / 2023-07-10

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 10 шілде күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бақылаушылар миссиясының жетекшілігімен елімізге келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Бас хатшысы Сергей Лебедевті қабылдады.

Кездесу басында ТМД Бас хатшысы Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті сайлауындағы сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтап, оған еліміздің тұрақты дамуы мен гүлденуін қамтамасыз етуде табыс тіледі.

Сайлаудың халықаралық стандарттарға толық сай өткені атап өтілді.

Сайлаушылардың жоғары белсенділігі мен дауыс беру нәтижелері жүзеге асырылып жатқан реформалар бағдарламасын халықтың қолдайтынын және сенім білдіретінін көрсететіні баса айтылды.

Сондай-ақ ТМД аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Кейінгі жылдары Өзбекстан Достастықтың 40-тан астам келісіміне қол қойды, 24 салалық органға қосылды. Күні кеше Ташкентте ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау комиссиялары басшыларының консультативтік кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Кездесуде көпжақты әріптестікті кеңейтуге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.