Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің ескерткішіне гүл шоғын қойды
13:44 / 2024-01-30

Президент Шавкат Мирзиёев 30 қаңтар күні Ташкент қаласындағы Ислам Каримов мүсініне гүл шоғын қойды.

Тарихи жадысыз болашақ жоқ. Өзбекстанның тәуелсіздікке қол жеткізіп, мемлекет болуында Тұңғыш Президентінің қызметтерін құрметпен еске аламыз.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевтің көңіл бөлуімен оның есімі мәңгіге жаңғыртылып, кесенесі тұрғызылды. Ислам Каримовтың туған күнін 30 қаңтарда атап өту дәстүрге айналды.

Өткенін құрметтейтін халық әрқашан құрметке ие. Еске алу шарасы соның тағы бір көрінісі болды. Құран сүрелер оқылып, дұға бағышталды. Тұңғыш Президентінің Өзбекстан үшін жасаған еңбектері, адами қасиеттері еске алынды.

Ислам Каримов атындағы ғылыми-ағарту мемориалдық кешенінде өткен салтанатты шараға Олий Мажлис палаталары, Президент Әкімшілігі мен үкімет өкілдері, ғылым мен мәдениет өкілдері, қала жұртшылығы қатысты.

Сондай-ақ Самарқанд және Қаршы қалаларындағы тұңғыш Президент ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.