Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент ескерткішіне гүл шоғын қойды
13:12 / 2026-01-30

Президент Шавкат Мирзиёев 30 қаңтар күні Ташкент қаласында Ислам Каримов ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Тарихи жады – ұлт болашағының бұзылмас іргетасы. Өзбекстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен мемлекеттілік негіздерінің қалануында Тұңғыш Президент Ислам Каримовтің еңбегі орасан екені құрмет әрі мақтанышпен еске алынады.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевтің бастамасы мен ерекше көңіл бөлуінің арқасында Тұңғыш Президенттің есімі мәңгілік ұлықталды, Самарқанд қаласында оның кесенесі бой көтерді. Ислам Каримовтің туған күні – 30 қаңтарды атап өту игі дәстүрге айналды.

Салтанатты рәсім барысында Құран оқылып, дұға жасалды. Тұңғыш Президенттің Отан мүддесі жолындағы қызметі мен адами асыл қасиеттері еске алынды.

Ислам Каримов атындағы ғылыми-ағартушылық мемориалдық кешенде өткен шараға Олий Мажлис палаталары, Президент Әкімшілігі және Үкіметтің өкілдері, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ жұртшылық өкілдері қатысты.

Сонымен қатар Тұңғыш Президенттің Самарқанд және Қаршы қалаларындағы ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылып, рухына құрмет көрсетілді.