Мемлекет басшысы Ташкенттегі IT-паркте болды
IT-паркте Мемлекет басшысы Қарақалпақстанның Бузатов ауданындағы IT орталығында оқитын балалармен бейне байланыс арқылы сөйлесті
Президент Шавкат Мирзияев 16 қазан күні Ташкенттегі бағдарламалық жасақтама және ақпараттық технологиялар паркінде болып, ондағы жаңадан бой көтерген нысандар мен құрылысы жүріп жатқан ғимараттардың және IT-парктегі мектеп оқушыларының жасаған бағдарламалық өнімдерімен танысты.
IT-паркте Мемлекет басшысы Қарақалпақстанның Бузатов ауданындағы IT орталығында оқитын балалармен бейне байланыс арқылы сөйлесті.
Бұл заманауи кешеннің құрылысы өткен жылдың 20 қарашасында басталған еді. Содан бері бұл орталыққа 17 ғимарат, оның ішінде 20-25 қабатты кеңсе ғимараттары, 22 қабатты қонақ үй, университет, конференциялы зал, коворкинг орталығы және басқа да нысандарды салу жоспраланып, қазірде осы нысандардың жұмысы жалғасуда. Құрылыс нысандары 9 баллдан жоғары жер сілкінісіне төзімді болып және 3 қабатты жерасты автотұрағынан тұрады. Орталық аумағында кафе мен мейрамханалар, дүкен, мешіт, спорт алаңдары мен демалыс орындары да болады.
IT-паркте қазір 2 ғимарат пайдалануға берілген. Оларда заманауи қондырғылар және перспективалық стартап жобаларын қолдау үшін инкубациялық және акселерациялық бағдарламалар орын алған. Оның резиденті ретінде тіркелген кәсіпорындар 2028 жылдың 1 қаңтарына дейін салықтар мен кедендік төлемдерден босатылған.







