Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Ташкенттегі жол-көлік инфрақұрылымын дамыту концепциясымен танысты
00:15 / 2020-11-24

Президент Шавкат Мирзияев 23 қарашада Ташкенттегі жол-көлік инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасына бойынша концепциямен танысты.

Бүгінгі таңда Ташкент қаласында тұрғындар да, көлік саныда артып келеді.  Соңғы 10 жылда қаладағы автокөлік саны 250 мыңнан 51о мыңға дейін екі есеге өскен. Соның негізінде көлік инфрақұрылымы дамып, жаңа жолдар, көпірлер, жер үсті метросы салынуда.

Дегенмен қаладағы кептеліс жылдан жылға артып келетіні салдарынан, Мемлекет басшысы Ташкенттегі қоғамдық көлік жүйесі мен инфрақұрылымын жақсарту жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған байланысты қала көшелеріндегі мәселе жан-жақты зерттеліп, геоақпараттық жүйе арқылы транспорт пен жолаушылар ағынының нәтижесі жөнінде бүгінгі презентацияда ақпарат берілді. 

Мемлекет басшысы қоғамдық көлік жүйесіне басқарудың жаңа стилін енгізу, метро, ​​автопарктер мен такси компанияларын бір-біріне байланыстыру, олардың ақпараттық технологиялар негізінде өзара интеграциясын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Алдағы уақытта Ташкенттегі қоғамдық көліктерді қаржыландыру және сараланған тарифтерді белгілеу жұмыстары біріңғай жүйе арқылы жүзеге асыру міндеті қойылды.

Сондай-ақ, көлік кептелісі болатын көп жолақты жолдардың бір бөлігін қоғамдық көліктерге бөлу, орталық көшелерде паркоматтар ұйымдастыру бойынша тапсырма беріліп, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын көбейтудің маңыздылығын ұмыт қалмауы ескертілді.