English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Ташкенттегі құрылыс жобаларының таныстырылымына қатысты
23:27 / 2021-08-23

23 тамызда президент Шавкат Мирзияев Ташкент қаласындағы жүзеге асырылып жатқан құрылыс және абаттандыру жобаларының таныстырылымына қатысты.

Білім, денсаулық сақтау, қызмет көрсету, сауда, өндіріс сияқты көптеген салада жүзеге асырылып жатқан бұл жұмыстар уақыт талабына сай басталған болып, Мемлекет басшысы олардың көпшілігінде болды.

Атап айтқанда, өткен жылдың 16 қазанында Мемлекет басшысы Мемлекеттік күзет қызметі академиясы мен «Темурбеклар» мектебінің құрылысымен танысты. Бүгінгі күні оның құрылысы аяқталды. Академияның қолданыстағы ғимараттары қайта жаңартылып, мектепке оқу ғимараты, дене шынықтыру алаңы, стадион, автодром, жатақхана мен ас үй салынған.

2020 жылдың 31 қаңтарында Мемлекет басшысы Геология ғылымдары университетінің құрылысының іргетасын қойған болатын. Содан бері мұнда үлкен ауқымды жұмыс атқарылды. 6 көпқабатты үй салынды және 4 қайта жаңартылды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Университетпен қатар осы салаға қатысты мұнда ғылыми институттар, геология мұражайы, кітапхана, жатақхана және басқа да нысандар болады. 

Қаланың Юнусабад ауданында Ташкент Сәулет-құрылыс институтының жаңа ғимараты салынуда. Жобаға сай онда 5 қабатты екі оқу кешені, 8 қабатты әкімшілік ғимарат пен 4 қабатты жатақхана орын алған. Олар ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жобаның екінші кезеңінде институт оқытушылары, ғылыми орталық мамандары мен олардың отбасылары үшін әлеуметтік нысандар салынады.

Білім беру саласындағы ең ірі жобалардың бірі – «Жаңа Өзбекстан» университеті. Өзбекстан Республикасы Президентінің 23 маусымдағы жарлығына сәйкес құрылған бұл оқу орны биылғы оқу жылында алғашқы оқушыларын қабылдады. Соған байланысты Әлемдік экономика және дипломатия университетінің кейбір ғимараттары бөлініп, қайта жаңартудан өтті.

Алдағы уақытта «Жаңа Өзбекстан» университеті үшін заманауи білім беру қалашығы салынады. Бұл тұрғыдан халықаралық стандарттарға негізделген жоба әзірленіп, алдын ала жұмыстар басталды.

2019 жылы Президент қаладағы Мұхаммед әл-Хорезми атындағы мамандандырылған мектепке барған кезде мектеп жанынан IT-парк филиалын құруды, жастарды тартуға және тәжірибе жинауға жағдай жасауды тапсырдған еді. Қазіргі уақытта ғимараттың құрылысы аяқталып, заманауи қондырғылармен жабдықталуда.

Денсаулық сақтау саласында да көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Республикалық жедел медициналық көмек орталығында кардиохирургия, трансплантология және жүйке-тамырлық хирургия бөлімшелерінің жаңа ғимараты бой көтеруде. Нәтижесінде, бұл күрделі операцияларға заманауи жағдайлар жасалып, жылына қосымша 3 мың науқас жоғары технологиялық медициналық көмек алады. Бұл жаңа кешеннің құрылысы осы жылдың қыркүйек айында аяқталады. 

Қорғаныс министрлігінің бұрынғы клиникалық госпитальі өткен ғасырдың қырқыншы жылдары салынған және ескі тәртіпте жұмыс істеп келген. 2018 жылда Мемлекет басшысының сол жерге сапары барысында, аурухананы қайта жаңғырту мен заманауи құрал -жабдықтармен жабдықтау, әкімшілікте заманауи менеджментті енгізу бойынша тапсырма берген болатын. Соның негізінде қазір ауқымды құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орталық әскери клиникалық госпиталь ағымдағы жылдың желтоқсанында жөндеуден өткен ғимаратта жұмысын бастайды.