Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Ташкент қаласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу барысында қаладағы жаңадан ашылған «Gold Moon Tashkent» ЖШС зергерлік кәсіпорнына барды.
Жалпы құны шамамен 21 млн долларды құрайтын жоба жылына 6 тонна зергерлік бұйымдарды шығаруға қауқарлы. Мұнда Италия, Германия және Түркиядан келген заманауи қондырғылармен жабдықталған болып, жұмысқа 400-ден астам шебер зергерлер жұмылдырылған. Сонымен қоса итальяндық дизайнерлер мен техниктер оларға өздерінің дағдылары мен тәжірибелерін үйретуде.
Кәсіборындағы өнімнің 15 пайызын Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан және басқа елдерге экспорттау жоспарланып отыр.
15 Қаңтар күні «ФОНОН» ғылыми-өндірістік аумағында құрамындағы зергерлік кәсіпорнының жұмысымен танысқан Президент: - Зергерлік бұйымдар біздің халқымызда ежелден болған, қазір де бар. Біздің мақсатымыз - жастарды заманауи технологиялар мен дизайнға үйрету, кем дегенде 10 мың жас жігіттер мен қыздарды жұмыспен қамту және Өзбекстанның ұлттық брендін әлемдік нарыққа шығару. Елімізде шикізат та, қолөнер шеберлері де бар. Бұл сала ұлттық дәстүрлерді жаңғырту және өзіндік ерекшелігімізді түсіну тұрғысынан да тамаша негіз болып табылады, - деді Шавкат Мирзияев.
Компания шикізатты елдің тау-кен кешендерінен биржалық сауда-саттық арқылы сатып алады. Бұл сонымен қатар жергілікті қолөнершілерге ыңғайлылық туғызып, кәсіпорын оларды жартылай өнімдермен қамтамасыз етеді.












