Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Ташкент қаласының инвестициялық жобалар таныстырылымына қатысты
22:25 / 2021-04-12

Президент Шавкат Мирзияев 12 сәуірде Ташкентте жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың таныстырылымына қатысты.

Жоспар бойынша 2021-2023 жылдары Ташкентте құны 10,7 млрд доллар болатын 1390 инвестициялық жобаны жүзеге асыру және шамамен 98 мың жұмыс орнын құру көзделген. Осыған орай биыл жалпы сомасы 4,1 млрд доллар инвестиция салу белгіленген.

Бірінші ширекте құны 1,8 триллион сумды құрайтын 130 жоба іске қосылып, 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Олар қатарында өнеркәсіпте - 55, қызмет көрсетуде - 63 және тұрғын үй құрылысында - 12 жоба іске асырылды. 

Жыл соңына дейін жалпы құны 30 триллионнан асатын 847 жобаны жүзеге асыру және шамамен 36 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Ташкентте 2021-2023 жылдары аралығында 3 млрд доллар экспорт көзделген. Биылдың өзінде 800 млн доллардан асатын өнеркәсіп өнімдерін, оның ішінде 70 млн долларға жуық жемістер мен көкөністерді экспорттау күтілуде.

Презентацияда Мемлекет басшысы жоспарланған көрсеткіштермен шектелмей, қосымша жобалар санын көбейтуді, құрылымды әртараптандыруды және экспорт көлемін ұлғайтуды тапсырды.