Мемлекет басшысы Ташкент қаласындағы технопарк алаңына барды
2021 жылдың 4 ақпанында Өзбекстан Президенті «Ташкент қаласында «Янгихаёт» индустриалды технопаркін құру шаралары туралы» қаулы қабылдаған болатын.
Мемлекет басшысы Ташкенттің осы ауданына сапары барысында технопарк құрылған алаңында болды.

Бұл кешен үшін 210 гектар аумақ бөлініп, оның 150 гектары екі кезең бойынша аукционға шығарылады. Кәсіпкерлер сатып алынған жерге иелік етіп, кәсіптерін өздері салады.

– Ташкентте жер тапшы, болашақта осындай аумақтар табылмайды. Әр сантиметр жерді тиімді пайдалану керек. Сондықтан кәсіпорындардың көпқабатты болып салынғаны жақсы, – деді Мемлекет басшысы.

Мұнда орналасатын кәсіпорындарда 20 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жалпы, технопарк өндірісті кеңейтуге, салаларға заманауи технологияларды енгізуге, соның негізінде халықты жұмыспен қамтуға қызмет етеді.
