Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Ташкент қаласы тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты
19:23 / 2023-02-08

Мемлекет басшысы Ташкент қаласының Сіргелі ауданына қарасты «Ізгілік» махалласында болып, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Мұнда 26 көпқабатты үй бар жіне онда 6 мыңнан астам адам тұрады.

Президент аудан өкілдерінен жағдай сұрады. Зиялы қауым өткен суық күндерде халқымыз бен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің ауызбіршілігімен қиыншылықты еңсергенін айтты. Энергетика және коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеді, жедел шаралар қабылданды. Атап айтқанда, аудандағы трансформатор да жаңартылған. 

– Бұл бізге сабақ болуы керек. Біз энергияда 3-4 есе көп қор жасауымыз қажет. Сондықтан біз жаңартылатын энергияны дамытуға көңіл бөліп отырмыз. Бұл баламалы, сенімді және экологиялық таза, – деді Мемлекет басшысы.

Тұрғындарды жұмыспен қамту және жастарды тәрбиелеу мәселелері ауданда бірінші кезектегі міндеттер екені баса айтылды. Сондықтан да биылғы жыл Өзбекстанда «Адамға көңіл бөлу және сапалы білім жылы» болып жарияланды. Оқушылардың мектепте екі шет тілін және бір мамандықты меңгеруіне жағдай жасалуда. Халық бұл шараны қолдап отыр.

Ақсақалдар ел-жұртқа тыныштық пен береке, халқымызға амандық тілеп дұға жасады.