Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Ташкент облысындағы Шыназ ауданына барды
12:20 / 2021-03-18

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев су шаруашылығы саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексеру үшін 18 наурызда Ташкент облысының Шыназ ауданына барды.

Соңғы 50 жыл ішінде Орталық Азиядағы мұздықтар шамамен 30 пайызға қысқарды. Көптеген ауылшаруашылық жерлердің лазерлік қондырғылармен тегістелмегендігі, коллекторлық-дренаждық желілер ескіргені нәтижесінде көптеген су ысырап болуда.

Мемлекет басшысы осы мәселеге жәтә назар аударып әр жиын сайын суды үнемдеу, нақты есеп жүргізу және оны тиімді пайдалану қажеттігін баса айтып келеді. 2020 жылғы 10 шілдедегі Президент Жарлығымен бекітілген Өзбекстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған су ресурстарын дамыту тұжырымдамасында осы мәселелердің барлығы көрсетілген. Оған сәйкес осы жылдың 24 ақпанында су ресурстарын басқару және ирригациялық секторды дамытудың үш жылдық стратегиясы қабылданды. Онда суды үнемдейтін технологияларды енгізуді кеңейту және оларды мемлекет тарапынан ынталандыру, осы салаға шетелдік инвестицияларды тарту бойынша нақты міндеттер қойылған.

Шыназ ауданының «Янгиабад» ауылындағы егістік жер осындай жұмыстардың нәтижесінде 1 млн 350 мың доллар инвестиция салынған, 850 гектар жер қайта жасалды. Жалпы сыйымдылығы 202 мың текше метр болатын үш су бассейні салынып, тамшылатып суару әдісі енгізілді.

148 гектар жерде экспортқа бағытталған егіндер өсіріледі және оның бір бөлігін жұмыссыз жастарға беру қарастырылған.