Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Ташкент облысында жаңадан салынып жатқан саябаққа барды
18:51 / 2021-05-01

1 мамырда Президент Шавкат Мирзияев Ташкент облысының Қыбрай ауданында салынып жатқан саябаққа барды.

Президенттің бастамасымен Ташкент қаласы маңында үлкен саябақ салынуда. 25 ақпанда осы бақтың жобасы талқыланып, ал бүгін оған алғашқы көшеттер отырғызылды.

Осыған орай мұнда парламент пен үкімет мүшелері, Ташкент жұртшылығы, ақсақалдар алқасы, ғылым және өнер өкілдері, спортшылар мен жастар жиналып оларда көшет егуге атсалысты.

- Сіздермен осынау қасиетті Рамазан күндерінде кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Халық игілігі үшін көптеген жұмыстарды бастадық. Құдай қаласа, осы көгалды салқын жерде 104 гектар саябақ ашқысыз келеді. Бұл игі істің басталуыда осынау құтты мерекемен тұспа-тұс келуінің де, өзінідік бір қасиеті бар ойлаймын - деді Шавкат Мирзияев.

Мемлекет басшысы атаулы саябақ Өзбекстанның жаңа имиджін, оның үлкен әлеуетін, көп ұлтты халқымыздың бірлігі мен келісімін көрсететін кешен болуы керек деп айта тұрып, осы керемет баққа «Жаңа Өзбекстан» деген атау беруді ұсынды. Жиналғандар бұл ұсынысты қолдады.

Президент Шавкат Мирзияев жұртшылықпен бірге жаңа баққа көшет отырғызды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Истиқлол» кешені де осында бой көтермек және оның қасынан Олимпиада қалашығы салынады.