Нурафшан қаласындада Ташкент облысы халық депутаттары Кеңесінің сессиясы өтіп жатыр. Оған Президент Шавкат Мирзияев қатысуда.
Мемлекет басшысы сөзінің басында ел экономикасы дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан еңбекқор, төзімді, көп ұлтты Ташкент облысы тұрғындарына зор құрмет пен ізгі тілегін білдірді.
Ташкент облысы табиғи және қазба байлығы, индустриялық және көлік-логистикалық әлеуеті, тұрақты энергия көзі және білікті еңбек ресурстарымен ерекшеленеді.
- Қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану арқылы өңірге көбірек инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын көбейту, инфрақұрылымды жақсарту, халықтың мәселелерін шешу әрқашан біздің назарда болады, деді Мемлекет басшысы.
Сессияда Ташкент облысына әкім тағайындау жөніндегі ұйымдастыру мәселесі қаралып жатыр.
Президент облыс әкімі лауазымына 2021 жылдың қараша айынан бері Ташкент облысының әкімі қызметін атқарып келген Зойир Тоирович Мирзаевты ұсынды.
Үміткерді талқылауды бастамас бұрын кандидатқа сөз беріп, оның 10 ай бойы облыста жинаған тәжірибесі мен қорытындысы негізінде алдағы уақытта өңірді дамту, тұрғындарға лайықты өмір сүру жағдайын жасау, қазірде өзекті болған мәселелердің шешімін табу жоспарларын тыңдау ұсынылды.