Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 30 желтоқсан күні Тәжікстан Республикасы Президенті Эмомали Рахмон мен телефон арқылы сөйлестіп, кіріп келе жатқан жаңа 2020 жыл мен құттықтады.
Өз кезегінде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонда Шавкат Мирзияевті жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Сұхбатта, биылғы жылда екі елдің татуластық байланыстарының қорытындысы жайлы сөз болып, мәдени шаралар мен саяси байланыстардың және Ташкент пен Душанбе арасындағы ынтымақтастық көлемінің артқаны айтылды. Өзара сауданың көлемі едәуір өсіп, экономика саласында бірлескен ынтымақтастық жобалары жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшылары аймақтық ынтымақтастық пен халықаралық саясат мәселелері жөнінде де пікір алмасып, биылғы жылдың қараша айында Ташкент қаласында өткен Орталық Азия елдері басшыларының екінші Консультативтік кездесуінің нәтижелері жайын сөз етті.
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.