Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы төрағалығымен елдегі кедейлікті азайтуға арналған жиын өтті
22:05 / 2020-06-03

Елдегі пандемияның кері әсерін азайту мақсатында «Әр отбасы - кәсіпкер» мемлекеттік бағдарламасы үшін қосымша бюджеттен 1 трлн сум қаржы бөлініді


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 3 маусымда елдегі, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жины басында елдегі коронавирустық жағдайға байланысты соңғы 10 күндіктегі орташа күн сайын аурулар саны 70-80 азаматқа көбейіп жатқанын әлі де қауіпсіздікті сақтау керектігін айта тұрып, осындай жағдайда халық арасында сақтық шараларын толық қамтамасыз ету арқылы халықты жұмыспен қамту және табысын арттыру мемлекеттің негізгі бағыты екенін айтты.

Жұмыссыздық деңгейі жоғары, инфрақұрылымы жоқ аудандардың, әсіресе шекаралас аймақтардың экономикасын дамытуға ерекше көзқарас қажет екенін аталып, Премьер-министрдің орынбасарларына жергілікті билік органдарымен бірлесе осы сынды аумақтағы халықты жұмыспен қамту мен өмір сүру жағдайын жақсарту және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бағдарламалар әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ пандемияның кері әсерін азайту мақсатында «Әр отбасы - кәсіпкер» мемлекеттік бағдарламасы үшін қосымша бюджеттен 1 трлн сум қаржы бөлініді. Бұл бағдарламаға бір жылда бөлінген қаржы жалпы 4 трлн сумға жетті.

Бұдан бөлек қолөнер бұйымдарын жасау үшін ұлттық қордан 190 миллиард сум бөлінген. Алайда, осы қаржыны игеру барысында Науаиы, Қашқадария және Ташкент облыстарындағы атқарылып жатқан жұмыстар реті сынға ұшырады.

Биыл өнеркәсіп саласында 7,5 мың аймақтық жобаны іске асыру арқылы 145 мың күнкөрісі төмен халықты жұмыспен қамту жоспарланған. Сонымен қатар, құны 11 миллиард долларды құрайтын 206 ірі өндіріс орнын іске қосу арқылы 31 мыңнан астам жоғары жұмыс орнын ашу жөніндегі шаралар анықталып, бұл бағыттағы жұмыстарды Премьер-Министрдің орынбасары - Инвестициялар және сыртқы сауда министріне осы жобаларды уақтылы жүзеге асыру жөнінде тапсырма берілді.

Отырыста негізгі халық тұтынатын азық-түлік тауарларына деген сұранысты толығымен қанағаттандыру және нарықтардағы бағаның тұрақтылығын сақтау мәселесі қаралды.