Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Сырдария облысындағы кәсіпорынның қызметімен танысты
14:59 / 2021-10-07

Президент Шавкат Мирзияев 7 қазанда Сырдария облысына жасаған сапары барысында «Syrdarya Mega Lux» бірлескен кәсіпорнының қызметімен танысты.

2020 жылы үлкен сыйымдылықтағы полипропилен қап өндірісін іске қосқан кәсіпорын, жылына 132 млн дана өнім шығару қуатына ие. Қазір мұнда 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жоба толықтай іске қосылғанда жұмысшылар саны 5 мыңға жетпек.

500 келіден 5000 кг дейін жүкті көтеру қабілетіне ие «Жұмсақ контейнер» өнірісіне арналған кәсіпорын жасалған өлімді Ресей, Израиль, Беларусь, Украина мен Қазақстанды қосқанда 14 елге экспорттауда. Жаңа жобалармен бірге экспорт көлемі 215 миллион долларға жетеді деп күтілуде.

7 ғимараттан тұратын алып кәсіпорын тұрақты түрде дамып келеді. 2021 жылдың мамыр айында екі қабатты пленка өндірісі іске қосылды. Алдағы айларда созылмалы пленка мен спанбонд технологиясына негізделген тоқыма емес маталар өндірісі басталады.

Мемлекет басшысына алдағы жобалар туралы да ақпарат беріліп, онда алдағы 5 жылда полимер өнімдерін шығаратын технопарк құру және жалпы құны 350 миллион доллар болатын 8 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл үшін 260 миллион доллар инвестиция салынып, неміс, итальяндық және австриялық технологиялар орнатылады.

Президент жобаның экономикалық тиімділігіне ғана емес, олардың әлеуметтік аспектілеріне де ерекше назар аудару керектігін айтты.

- Бұл өнімдердің шикізаты өзімізде шығады. Егер біз оны ақылмен пайдаланып, баға мен сапаның тепе-теңдігін қамтамасыз етсек, біздің өнімдер бәсекеге қабілетті болады. Тек экономикалық қана емес, әлеуметтік-экономикалық жобаларды да жүзеге асыру қажет. Кәсіпкер-де, халық-та пайда тапсын, - деді Шавкат Мирзияев.