Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы су шаруашылығы мен фармацевтика саласына қатысты кеңес өткізді
23:17 / 2023-04-18

Сәуірдің 18-і күні Президент Шавкат Мирзиёев су шаруашылығы мен фармацевтика өнеркәсібінде жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы міндеттерге арналған кеңес өткізді.

Жиын басында су шаруашылығындағы 4 негізгі мәселе сараланды. Бұл суды жоғалтылуы, сорғы станцияларының көп энергия тұтынуы, су қорының аздығы және суды үнемдейтін технологиялармен байланысты.

Атап айтқанда, каналдардың тиімділігі төмен және ішкі желілердегі судың көп шығындалуына байланысты ауыл шаруашылығына жылына 4 миллиард 800 миллион доллар аз кіріс түсуде.

Сондықтан тәжірибе ретінде Жызақ облысының Пахтакор ауданында жабық құбырлы суару жүйесін енгізу жоспарлануда.

Мемлекет басшысы аталмыш жобаның бастамашысының ұсыныстарын тыңдап, оған қолдау білдірді. Мұндай жұмыстарды сумен қамтамасыз ету шығыны ең жоғары Қашқадария, Наманган және Сырдария облыстарында жүзеге асыру қажеттігін айтты.

Бұған ғылыми тұрғыдан келу, жоба шығындарды азайту, жабық құбырлы суару жүйесін енгізу үшін екі жылдық бағдарлама әзірлеу жөнінде тапсырмалар берілді.

Алыстағы егістіктерге су сорғы станцияларының көмегімен жеткізілетіні белгілі. Олардың көпшілігінің ескіргендігіне байланысты электр қуатын тұтыну өте жоғары. Әлі бірде-бір үлкен сорғы станциясы баламалы энергия көзіне көшкен жоқ. Шарттың түсініксіздігінен көптеген кәсіпкерлердің жобалары тоқтап, бюджеттен электр энергиясына қыруар қаржы жұмсалуда.

Сондықтан сорғы стансаларын жеке серіктестікке беру және оларға баламалы қуат көздерін енгізу жөнінде тапсырмалар берілді. Бұған «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің ғалымдары тартылып, тиімді жобаларға қолайлы шарттармен несие берілмек.

Аймақта су тапшы болған жағдайда республикада жыл сайын 1 миллиард текше метр тасқын суы босқа ағып кетуде.

Мемлекет басшысы тасқын суды шағын су көздеріне жинақтауға болатынын, бұл тұрғыда бастамашыларға қолдау көрсету керектігін баса айтты.

Мұндай жобаларға 100 миллион доллар тартылатын болды. олардың есепшотына су ағып кеткен аумақтар кәсіпкерлердің өздеріне ұзақ мерзімге еркін пайдалануға беріледі.

Қазіргі таңда 450 мың гектар немесе суармалы алқаптардың 15 пайызы лазерлік технологиямен тегістелген. Осындай жерді екі есеге арттырса, тағы 900 миллион текше метр су үнемделеді, қосымша 200 мың гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады.

Сондықтан биыл мың лазерлі тегістегіш әкелініп кластерлер тарапынан шаруаларға лазерлік нивелирлеу тегістеу қызметі жолға қою туралы шешім қабылданды.

Кейінгі жылдары 400 мың гектар алқапқа тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді. Биыл тағы 80 мың гектар алқапта жұмыс басталған.

Осындай технологияларды одан әрі ынталандыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 сәуірінде қол қойылған шешімге сәйкес дәнді дақылдар мен көкөністерді өсіруде суды үнемдеу жүйесі енгізілген әрбір гектарға субсидия көлемі қазіргі миллион сумнан 8 миллион сумға дейін. Шаруалар үшін банк несиесінің мөлшерлемесі 17 пайыз болып бекітілді.

Бұл мүмкіндіктерді шаруаларға беріп, оларды материалдық ынталандырудың маңыздылығы айтылды. «Агробанк» қасынан су үнемдеу бойынша жаңа жобаларды қалыптастыру және шетелден білікті мамандарды тарту үшін жеке орталық құру тапсырылды.

Кездесуде фармацевтика саласындағы жобалар да талқыланды.

Соңғы алты жылда бұл салада құны 527 миллион доллар болатын 177 жоба іске қосылды. Шетелдік инвестиция 9 есеге артып, 35 кәсіпорын халықаралық GMP стандартын енгізді. Нәтижесінде өндіріс 3 есеге, экспорт 5 есеге артты.

Бірақ өнім нарығын табу, сапа және бәсекелестікке байланысты мәселелердің көптігінен өткен жылы өндіріс көлемі аздап төмендеді. Импорт өскен.

Сондықтан жиында фармацевтика саласындағы қосымша жобаларды әзірлеу және кәсіпорындарды қолдау мәселелері талқыланды.

Желіде жалпы құны 725 миллион долларды құрайтын 207 жобаны жүзеге асыру, оның 68-і биыл іске қосылуы жоспарланған.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің несиелік жүктемесін жеңілдету қажеттігін баса айтты. Сондықтан «Асака» банкі жобалардың 25%-ға дейін бөлігіне өз үлесімен кіріп, инвестор ретінде қатысады деп шешілді. Жергіліктендіруге қарасты жобаларды қаржыландыруға және айналым қаражатына 300 миллион доллар ұзақ мерзімді несие ресурстары тартылады. Банк жанынан фармацевтикалық жобалар орталығы ашылып, кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі.

Төмен қуаттылықпен жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдау арқылы 400 түрлі жаңа өнімді шығаруға және 670 миллион доллар көлеміндегі импорттық өнім орнын басатыны айтылды. Ол үшін компанияларға 18 айға дейін 1 миллион долларға дейін револьверлік несие, ал экспорттаушыларға кірісті сақтандыру кепілдігімен 2 миллион долларға дейін несие беріледі.

Онкология мен онкогематологияға қажетті дәрілер мен заттарды шетелдік технология негізінде республикада шығару мүмкіндігі көрсетілді. Саланың көптеген кәсіпорындарына GMP сертификаттау талаптарына бейімделу міндеті қойылды.

Ташкент фармацевтикалық кластеріндегі жобаларды жеделдету бойынша тапсырмалар берілді.