Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы стандарттау, сертификаттау және метрология жүйесіндегі реформалардың тиімділігін талқылауға арналған кеңес өткізді
22:39 / 2020-09-28

Президент Шавкат Мирзияев техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жүйесіндегі реформалардың тиімділігін талқылауға арналған жиын өткізді


28 қыркүйекте Президент Шавкат Мирзияев техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жүйесіндегі реформалардың тиімділігін талқылауға арналған жиын өткізді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық стандартты жаһандық талаптарға сәйкестендіру және оларды кәсіпорындарға енгізу өте маңызды. Соңғы жылдары ел аумағында стандарттардың 43 пайызын халықаралық стандарттармен үйлестірілудің арқасында, олардың саны 12 мыңға жетті. Осындай жұмыстардың нәтижесінде экспорттық мүмкіндіктер де кеңейіп келеді.

Мысалы, 21 кәсіпорында тоқыма және трикотаж бұйымдарына Еуропаның «OEKO-Tex» және «Sedex» стандарттары енгізілді. Атап айтқанда, Әндіжандағы «Samo Textile» 5 миллион долларлық өнімімен Еуропа нарығына шықты. Бұхарадағы «Bukhara Cotton Textile» ЖШС-да АҚШ, Германия, Ұлыбритания және Түркияға 5 миллион доллар өнім экспорттады.

Бұдан бөлек, тұрмыстық техника, кабельдер, медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын кәсіпорындарда өнімнің 17 түрінің қауіпсіздігін растайтын әйгілі «CE» таңбалауын енгізу нәтижесінде Еуропаның 8 еліне экспорттау басталды.

Келесі жылдың соңына дейін халықаралық стандарттардың санын 14000-ға дейін және сәйкестік деңгейін 50 пайызға дейін арттыру міндеті жүктеліп, тиісті министрліктер мен бірлестіктерге тоқыма өндірісіндегі «OEKO-Tex» стандарттары, электр жабдықтары саласындағы «СЕ» маркировкасы және ауыл шаруашылығындағы «Global G.A.P.» және «Organic» жүйелерін қолдануды кеңейту бойынша тапсырма берілді.

Сонымен қатар, халықаралық стандарттарды өзінде енгізбек болған компанияларға көмектесіп, оған кететін қаржының бір бөлігін Экспортты қолдау агенттігі тарапынан өтеу маңызды екендігі айтылды.

Жиында Мемлекет басшысы: - Егер өнімнің халықаралық сертификаты болмаса, ол ешқашан бәсекеге қабілетті бола алмайды. Елдегі кез-келген кәсіпкер стандартты білуі және оны тануы керек, сондай жағдай жасау керек, - деді.

«Uzstandard» агенттігіне автомобиль компоненттері, химиялық заттар, азық-түлік және құрылыс материалдары саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу бойынша 2021 жылға арналған «жол картасын» әзірлеу тапсырылды және агенттіктің халықаралық стандарттау және метрология ұйымдарына қатысуын күшейтудің маңыздылығын сөз болды.