Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы сот төрелігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде жиын өткізді
22:07 / 2020-06-30

«Олий Мажлистің» арнайы комитеттері әділ сот пен сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша әр аймақтың рейтингісін бақылайды және алты айда бір рет парламенттік тыңдаулар мен тексерулер өткізеді


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 30 маусымда сот төрелігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде бейнеконференциялы жиын өтті.

Соңғы 3 жылда осы сот жүйесіне қатысты мәселелер бойынша 20-дан астам заңдар, жарлықтар мен қаулылар қабылданды. Реформалар нәтижесінде соттар алғаш рет 2273 адамды ақтады. Қылмыстық іске біліп-білмей қол ұрған 3500-ден астам жастар мен әйелдер бас бостандығынан айыру жазасына кесілместен махалла және қоғамдық органдар кепілдігіне алынып, адам құқықтарын бұзғаны үшін 60 тәртіп сақшысы жауапқа тартылды.

Бүгінгі жиында айтылғандай мұндай өзгерістер халқтың шындық пен әділеттілікке деген сенімін нығайтады. Бірақ халық сот жүйесімен келіседі деп айтуға әлі негіз жоқ. Өйткені жақында ғана Әндіжан қаласы мен Шырақшы ауданының полиция бөлімдеріндегі болған қайғылы оқиғалар бұл жүйе басшылары әліде болса көп жұмыс атқаруы керек екендігімен оларды нақты қорытынды шығаруға керек екендігі айтылды. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар 11 полиция қызметкері жауапқа тартылуда. 7 жетекші қызметкер жұмыстан босатылып, 16 адам тәртіптік жазаға тартылған.

Тұрғындар көтерген әділетсіздіктер мен проблемалар жергілікті кеңестерде әр ширек сайын сыни түрде талқыланып, шенеуніктерге нақты сұрақтар қойылады және олардың міндеттері бағаланатын болады.

«Олий Мажлистің» арнайы комитеттері әділ сот пен сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша әр аймақтың рейтингісін бақылайды және алты айда бір рет парламенттік тыңдаулар мен тексерулер өткізеді.

Адам құқықтары жөніндегі орталық, Омбудсмен және Ташкент мемлекеттік заң университетіне «Адам қадірі - ең жоғары құндылық» атты арнайы оқу модулі бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқыту тапсырылды.

Тағы бір маңызды мәселе - құқық қорғау органдарының жұмысында тергеуге қатысты істер бұзылған. Атап айтқанда, тергеуге қатысты кейбір қылмыс түрлері бар болып, оларды кез-келген тергеу органы тергеу жұмысын жүргізуге мүмкін болса, заңда кейбір баптар қай тергеу органына жататыны көрсетілмеген.

Президент Шавкат Мирзияев судьялардың әділ шешімдеріне әсер ететін барлық факторларды, оның ішінде Жоғарғы Сот төрағасы мен Бас прокурордың наразылық білдіру құқығын жою туралы ұсыныс айтты. Парламент палаталары бұл ұсынысты қарайтын болды.

Сондай-ақ, ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталған адамдарға қатысты, сондай-ақ қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау сынды сақтық шарасын қолдану қарастырылған жағдайда да адвокаттың болуы міндетті екендігі айтылды.

99138b96-5aee-98e4-21d8-3c38fd77dd1a.jpg