Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы соғыс ардагерлері мен Өзбекстан халқын мерекемен құттықтады
15:44 / 2021-05-09

9 мамыр Жеңіс саябағындағы амфитеатрда - Еске алу және қадірлеу күніне арналған мерекелік іс-шара өтіп, онда Президент Шавкат Мирзияев барлық соғыс ардагерлерін және Өзбекстандықтарды бүгінгі мереке күні және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.

- Біз бұл атаулы датаны әрдайым шексіз қуанышпен және ұмытылмас қайғымен атап өтеміз, - деді Шавкат Мирзияев.

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең үлкен әрі өте қорқынышты қырғын болды. Алты жылға созылған соғысқа сол кездегі әлемдегі 73 елдің 62-сі және әлем халқының 80 пайызы қатысқан. Еуропа, Азия және Африка континенттеріндегі 40 елге тікелей әсер еткен қарулы қақтығыстарда шамамен 110 миллион адам жұмылдырылып, жалпы 70 миллион адам қаза тапты.

- Біз, сіздер сияқты ержүрек батыр аталарымызбен мәңгі мақтанамыз. Осынау қобалжулы сәттерде барлығымыз сіздердің майдан даласындағы үлкен ерлігіңіз, соғыстан кейін елді қалпына келтіру және дамыту жолындағы жанқиярлық қызметтеріңіз үшін басымызды иеміз. Қанша жыл мен ғасырлар өтсе де, сіздің фашизмге қарсы ерлігіңіз біздің халқымыздың жүрегінде және жадында мәңгі сақталады және бұл ерлік біздің жастарға мәңгіге үлгі болып қала бермек, - деді Президент.

1941 жылдың қарсаңында Өзбекстан халқы 6,8 миллионнан астам болды. Соғыс басталысымен олардың 2 миллионға жуығы майданға аттанды. Осы батыр жандардың 500 мыңнан астамы шайқаста қаза тапты.

- Біз бұл сандарды жыл сайын қайта-қайта еске аламыз. Бұл жай сандар емес. Олардың негізінде біздің аналарымыз, әжелеріміз, батыл және батыр әкелеріміз бен бүкіл халқымыздың жүрегіндегі шексіз қайғы, қасірет жатыр. Бұл қайғы-қасіретті кез-келген санмен, бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, - деді біздің Мемлекет басшысы.

Президент Шавкат Мирзияев бүгінгі салтанатты шараға келген соғыс және еңбек қайраткерлерімен сәлемдесіп, олардың қал-жағдайын сұрап, денсаулық тіледі. Ақсақалдар ел-жұрт амандығы үшін дұға тілеп бата қайырды.

Салтанатты шарадан кейін Мемлекет басшысы ардагерлермен бірге осы күнге арналған концерттік бағдарламаны тамашалады.