Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы әскери қызметшілер мен тәртіп сақшыларын марапаттады
20:26 / 2021-01-14

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің жарлықтарына сәйкес, ӨР Қарулы Күштерінің 29 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай бір топ әскери қызметшілер мен тәртіп сақшылары әскери атақтармен, орден және медальдармен марапатталды.

Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы салтанатты шараға жиналғандарды, барлық әскери қызметшілерді және олардың отбасыларын бүгінгі мерекемен құттықтады.

Марапат табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы: -Армия тек қару-жарақ пен мықты болып қалмайды, сонымен бірге Отан үшін жанын аямайтын сарбаздар - солдаттар мен офицерлер, генералдармен қуатты. Бұл біздің армиямыздың мүмкіндіктері мен жауынгерлік әлеуетін анықтайтын басты фактор, дейтін болсам, сізде менің ойыммен келісесіз деп ойлаймын, - деді.

Салтанатты шараға Төтенше жағдайлар министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық гвардия, кеден жүйесі мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. 

Жоғарғы Бас қолбасшы, жиналғандардың алдында, республикадағы басқа өңірлерде мемлекеттік наградаларға ие болып отырған барлық әскери қызметшілерді шын жүректен құттықтады.