English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы өсімдіктер карантині саласындағы реформалардың тиімділігін талдау бойынша кеңес өткізді
23:23 / 2020-09-21

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 21 қыркүйекте өсімдіктер карантині саласындағы реформалардың тиімділігін талдау бойынша кеңес өткізді


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 21 қыркүйекте өсімдіктер карантині саласындағы реформалардың тиімділігін талдау бойынша кеңес өткізді.

Аграрлық саладағы реформалар мен экспорттық саясаттың басты мақсаты - елдегі өнімдерді әлемдік нарық талаптарына бейімдеу. Сондықтан өсімдіктерді қорғау бағытын реформалау арқылы өсімдіктер карантині жөніндегі инспекция құрылды. Халықаралық стандарттарды енгізу, экспортты ілгерілету, шет елдермен келісімшарттар жасасу, өсімдік клиникалары мен биолабораторияларды құру, сонымен қатар салаға ғылыми жетістіктерді әкелу және білікті кадрларды даярлау бойынша бірқатар шаралар қабылдануда.

Осы бағыттағы алғашқы қадамдардың нәтижесінде 78 түрлі өнімді 19 елге экспорттауға рұқсат алынды. Ал, сертификаттау үшін ондаған қағаз құжаттардың орнын басатын бірыңғай электронды жүйе енгізіліп, экспорттаушылардың өтінішін қарау уақыты 10 күннен 1 күнге дейін қысқарды.

Жаңа экспорттық базар тауып, өнімді қазіргі бағадан 3-4 есе қымбат сатуға мүмкіндік бар екендігі айтылып, тауарларды халықаралық фитосанитарлық талаптар негізінде дайындау үшін өнімді шығаратын, қаптайтын және экспорттайтын әрбір кәсіпорынға карантиндік инспекторларды бекіту тапсырылды.

Литва, Латвия, Украина, Әзірбайжан, Египет, Катар, Моңғолия, Ауғанстан және басқа елдермен келіссөздер жүргізіліп, кәсіпкерлерге шие, анар, жүзім сияқты жемістер мен көкөністерді экспорттауға жол ашып беру міндеті қойылып, «Даладан экспортқа» принципі бойынша толыққанды жұмыс жасауды қамтамасыз ету қажет екендігі атап өтілді.

Алдағы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемін 5 миллиард долларға дейін арттыру жоспарланғанына орай, саланың ғылыми әлеуетін арттыру, халықаралық сертификаттау жүйесін енгізу қажет. Сондықтан мемлекет басшысы осы салада үлкен ғылыми орталық құруды ұсынды. Ғылым мен практиканың үйлесімділігін қамтамасыз ету, экспорттаушы кәсіпорындардың мамандарына халықаралық фитосанитарлық талаптарды түсіндіру бойынша тапсырмалар берілді. Халықаралық фитосанитарлық талаптар Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінде және оның филиалдарында да оқытылады.