Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің бірінші жалпы отырысына қатысуда
13:36 / 2022-11-16

«Куксарой» резиденциясында Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің бірінші жалпы отырысы басталды.

Жиынға Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо мен бірқатар шетелдік компаниялардың басшылары қатысуда.

Айтулы конференцияда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев сөз сөйлуде.

– Шетелдік инвесторлар кеңесінің бірінші жалпы отырысына қатысушылардың барлығын шын жүректен құттықтаймын. Мен сіздерді, әлемнің жетекші компаниялары мен қаржы институттарының жетекшілері болып табылатын біздің қымбатты достарымыз бен серіктестерімізді бүгінгі конференцияда көргеніме өте қуаныштымын. Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо ханымға әлеуметтік-экономикалық маңызы зор осы кездесуді ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

Бүгінде әлемде елеулі жаһандық өзгерістер орын алуда. Дүниежүзілік қауымдастықтың пандемиядан айығуы алдында жаңа міндет және сынақтарға тап болды. Түрлі қақтығыстар мен қайшылықтар барған сайын шиеленісіп баруда.

Осындай қиын да күрделі жағдайда өзара сенім мен сыйластыққа негізделген тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығы барлық жағынан артып келеді. Шетелдік инвесторлар кеңесінің бүгінгі отырысының ерекше маңызға ие болуы да осы себепті екендігі сөз болды.