Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы шетелде жұмыс істейтін азаматтардың мәселесі жөнінде жиын өткізді
20:08 / 2020-08-17

Бұл мәселе Өзбекстан тарихында алғаш рет дәл осы форматта талқылануда


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығында 17 тамыз күні шетелде жұмыс істейтін азаматтарға лайықты жағдай жасау және олармен жүйелі түрде жұмыс істеу туралы бейнеконференциялы жиын өтті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Бұл мәселе Өзбекстан тарихында алғаш рет дәл осы форматта талқылануда. Жыл сайын елдегі еңбек нарығына 600-700 мың адам қосылады екен. Ал экономикалық сала мен аймақты дамыту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде жылына 500 мыңға дейін жұмыс орын құрылады. Соның есебінен 200 мыңға жуық адамды сыртқы еңбек көші-қоны арқылы жұмыспен қамту қажет. Бұл табиғи процесс, барлық дамушы елдер осындай кезеңнен өтті. Еңбек көші-қоны дұрыс ұйымдастырылған жерде жұмыспен қамту, отбасының табысы және білікті жұмыс күшінің өсуі байқалды.

Соның негізінде соңғы жылдары шетелдегі отандастардың құқығын қорғауға және жағдайларын жақсартуға көп көңіл бөлініп Ресей, Қазақстан, Түркия, Жапония және Біріккен Араб Әмірліктерімен еңбек көші-қоны туралы халықаралық келісімдерге қол қойылды. Шетелде жұмыс істейтін азаматтарды қолдау үшін арнайы қор құрылып, оған 100 млрд сум ақша аударылды.

Бүгінгі жиында дәл осы мәселе, шетелде жұмыс істейтін қандастарды әлеуметтік, құқықтық, материалдық және мәдени қолдау жөнінде сөз болды.

Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі, Махалла және отбасын қолдау министрлігі және әкімдіктерге шетелден қайтқан азаматтарға кәсіптік, біліктілігіне және жоспарларына сәйкес жұмысқа орналасуға көмектесу міндеті қойылды.

Бұдан бөлек, шетелде өзбекстандықтар лайықты жағдайда жұмыс істеуі үшін ірі жұмыс берушілермен байланысты кеңейту маңызды екендігі айтылып, ол үшін ең алдымен сол кәсіпорындардың талаптарына сәйкес білікті және тілді білетін мамандарды даярлау қажеттігі мен мигранттардың өмірі, денсаулығын сақтандыру үшін шетелдегі азаматтарды қорғау қорынан қаражат бөлу тапсырылды.

Президент Шавкат Мирзияев елдің елшіліктері өзге елдердегі отандастардың диаспораларымен байланысты күшейтуі керек екендігін жеткізді. Жиында отансүйгіштік пен мейірімділікке көмектесіп жүрген шетелдегі азаматтарымызға мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар айтылды.

Шетелде жұмыс істейтін азаматтардың еңбек өтілін тіркеу жүйесінде бар болғаныы 4,5 мың адам тіркелгендіктен жауапты мамандарға мигранттар үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу және еңбек өтілін есепке алу жүйесін жасау үшін тапсырма берілді.