Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы шетел тілдерін оқыту жүйесін жетілдіру бойынша жиын өткізді
21:55 / 2021-05-06

Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 6 мамырда шетел тілдерін оқыту жүйесін жетілдіру шаралары туралы бейнеконференциялы жиын өтті.

Бүгінгі таңда Өзбекстанда 25 жоғары оқу орны шет тілінде сабақ береді. 2016 жылы олардың саны тек 7 болатын. Соңғы 3 жылда халықаралық тіл сертификатын алған түлектер саны 10 есеге өсті.

Биыл «Эл-Юрт Умиди» қоры 350 студентке шетелдік беделді университеттерде оқу үшін стипендия тағайындады. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 5 есе көп.

Алайда, мекендердегі жағдай жоспарланған үлкен жоспарлармен сәйкес келмейді. Атап айтқанда, білім беру жүйесінде 2 мыңнан астам шетел тілі мұғалімдері жеткізіксіз. 1400 мектепте шетел тілін оқыту сапасы мүлдем қанағаттанарлықсыз. Бұл жүйеде оқытушылардың тек 4% -ы ғана ұлттық және халықаралық тілдік сертификатқа ие.

Жүйедегі проблемалар мен басым бағыттар анықталған кеңесте Мемлекет Басшысы: -Елімізде болашақтың берік негізі болатын шет тілдерін оқытудың жаңа жүйесін құрудың уақыты келді. Біз алдымызға бәсекеге қабілетті мемлекет құруды мақсат етіп қойады екенбіз, бұдан былай мектеп, орта мектеп, колледж және университет түлектері кем дегенде 2 шет тілін жетік білуі қажет. Бұл қатаң талап әр білім беру мекемесі бастығының басты критерийіне айналуы керек, - деді Шавкат Мирзияев.

Осы мақсатта Министрлер Мекемесі жанынан шет тілдерді насихаттау жөніндегі агенттік құрылатыны белгілі болды.

Агенттік бүкіл әлем бойынша білім беру жүйесіне оқытудың тиімді әдістерін, бағдарламалары мен оқулықтарын енгізу арқылы шетел тілдерін жетік меңгеруге ықпал етеді. Оқу орындарының, аймақтар қажеттіліктеріне байланысты кем дегенде 10 шет тілін оқытуды ұйымдастырады.

Мемлекеттік тілден шет тілдеріне және шет тілдерінен мемлекеттік тілге кәсіби аударма әдістерін құру да, оның негізгі міндеттерінің бірі болмақ.

Ташкент мемлекеттік әлем тілдері және Шығыстану университеті, Самарқанд шет тілдер институтымен қатар, әр облыста бір университет шет тілдерінің базалық мекемесі ретінде белгіленді.

Мемлекет басшысы мұғалімдерге лайықты жағдай жасау және олардың біліктілігіне қарай ынталандыру қажеттігін айтты.

Халықаралық сертификаттың бірінші және орта деңгейін алған мұғалімдердің айлық жалақысын 40% -ға, ал жоғары нәтижеге қол жеткізгендерді - 50% -ға көтеру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жоғары балл жинаған мұғалімдерге халықаралық сертификат алу үшін тест тапсыру құны өтеледі. Келесі жылдан бастап шетел тілі мұғалімдерінен ұлттық және халықаралық сертификаттар талап етілетін болады.

Шет тілдерін тереңдетіп оқыту үшін аудан мен қалаларда арнайы 207 мектеп таңдалды. Бұл мектептерде шетелдік кітаптар, алдыңғы қатарлы оқу бағдарламалары және оқыту әдістерін еркін пайдалану мен пәндерді шет тілінде оқыту жолға қойылады.

Облыстық әкімдіктерге мектептерде шетел тілін оқыту сапасын арттыру үшін әр аудан мен қалаға жергілікті бюджеттен 1 миллиард сум бөлу тапсырылды.

Мемлекет басшысы шет тілдеріндегі ең жақсы нәтиже кеөрсеткен мектептерді анықтау үшін президенттік сыйлық тағайындауды ұсынды.

Байқау аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейде өтеді. Аудандық және қалалық деңгейлерде бірінші орын алған мектептер 100 миллион, облыстық кезең жеңімпаздары 250 миллион, ел аумағындағы ең жақсы мектеп 500 миллион сум ақшалай сыйлықпен марапатталады. Екінші және үшінші орын иегерлері де сәйкесінше көтермеленеді. Осы мектептердің директорлары мен мұғалімдері мемлекеттік марапаттарға ұсынылады.

Әрбір шет тілі мұғаліміне осы саладағы өзгерістерден хабардар болу, жаңа әдебиеттер мен оқу құралдарын сатып алу үшін бюджеттен 1 миллион сум бөлу жоспарланып отыр.

Мектепке дейінгі білім министрлігіне ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, 7 жасқа дейінгі балаларға шет тілдерін оқыту бойынша әдістемелік құрал әзірлеу және енгізу міндеті қойылды.

Әрбір министрлік, ведомстволар, мемлекеттік компаниялар және ірі жеке кәсіпорындарда тіл үйренуге қолдау көрсетіп, аптаның бір күнін белгілеп, шет тілдерін үйренуге жағдай жасау қажет екендігі баса айтылды.