4 шілдеде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлесті.
Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасындағы көпжақты және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланған сұхбат басында Мемлекет басшысы Жаңа Өзбекстанда артқа қайтпайтын демократиялық және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетіп отырғаны үшін ерекше ризашылығын білдірді.
Еуропалық Кеңес төрағасы өз кезегінде Өзбекстанның күшті азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру жолындағы ашық реформалар жолын жалғастыру жөніндегі талпыныстарын қолдады.
Осы тұрғыда Қарақалпақстандағы жағдайды кейбір деструктивті күштердің ізден шығаруына жол беруге болмайтыны атап өтілді. Шарль Мишель қылмыстық элементтер ұйымдастырған тәртіпсіздіктер кезінде қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтуды өтінді.
Әңгімелесу барысында Өзбекстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді дайындауды аяқтау мәселесіне ерекше назар аударылды.
«Преференциялардың басты жүйесі плюс» артықшылықтарын пайдалана отырып, өзара сауда мен инвестицияны арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Тараптар, ең алдымен, «жасыл экономика», цифрландыру, инновациялар, логистика, ауыл шаруашылығы, экология, білім және денсаулық сақтау салаларындағы нақты бағдарламалар мен практикалық ынтымақтастық жобаларын ілгерілетуге ерекше назар аударды.
Орталық Азия аймағындағы жағдай және ЕО құрылымдарымен көпжақты диалог деңгейін одан әрі арттыру жөнінде пікір алмасылды.
Өзара тәуелділікті нығайту, сондай-ақ аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде Ауғанстанда тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге көмектесуге және оның халқына жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мәселесі қолдау тапты.