Президент Шавкат Мирзиёев жаңа шақырылымдағы Олий Мажлис Сенатының алғашқы отырысына қатысып, жаңадан сайланғандарды құттықтады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Сенаттың жаңа құрамына сайланғандарды шынайы құттықтады. Сенаторлар Жаңа Өзбекстанды құру, халқымыз үшін тыныш әрі бейбіт, еркін әрі бақуатты өмір жасау жолында бар білім, тәжірибе, күш-жігерін жұмсайтынына үміт білдірді.
Сайлау нәтижесінде бесінші шақырылымдағы Сенаттың құрамы сапалық тұрғыдан жоғары деңгейде - жетекші салалардың өкілдері, танымал саясат, экономика, ғылым және мәдениет қайраткерлерінен құралғаны атап өтілді.
Сенаторлардың әр үшіншісі ғылыми дәрежеге ие. Олар қатарында 27 пайызы немесе 16 сенатор қыз-келіншектерден құралғаны, бұл отбасы, аналық және балалық құқықтарын қорғау, қыз-келіншектер құқығын қорғау, сондай-ақ жалпы әлеуметтік мәселелер бойынша заң шығарушылық қызметті және парламенттік бақылауды күшейтуге маңызды ықпал етеді.