Президент Шавкат Мирзияев Қашқадария облысына жасаған сапары барысында, облыстағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейге барды. Мұражай осындағы «Одина» мешітінде орналасқан.
ӨР Президентінің 2020 жылғы 8 қазандағы жарлығына сәйкес қуғын-сүргін құрбандарының естеліктерін мәңгілік ету және мұраларын зерттеу бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты Қарақалпақстан Республикасы мен барлық аймақтарда қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы ашылды.
Атаулы мешітті 1386 жылы Ұлы қолбасшы Әмір Темур тарапынан салынған болып, 1868 жылы патшалық Ресейдің шапқыншылығы кезінде мешіттің бір бөлігі бомбаланып, қиратылды. Бұл нысан диктаторлық режим кезінде алғаш қойма, сосын 1938 жылдан түрмеге айналған.


-Диктаторлық режим кезінде халқымыздың абыройы, адамдық қадір-қасиеті мен мақтанышы тапталды. Осындай киелі жерді түрмеге айналдырудың өзі бұған мысал. Бүгінде біз өз елімізде адамдық қадір-қасиетті насихаттауға ерекше назар аударудамыз. Өткендердің құрметін өз биігінде сақтауымыз керек. Репрессия құрбандарын еске алу үшін мұнда мұражай ашылғаны - тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, деді Мемлекет басшысы.
Мұражай 11 бөлімнен тұрады. Онда Түркістан өлкесінде жүргізілген отаршылдық саясаты мен қуғын-сүргінді бейнелейтін бірегей тарихи фотосуреттер, карталар, артефактілер және басқа да дереккөздерді қамтиды.
Мұражайда сонымен қатар жастар клубы мен кітапхана бар.
Мемлекет басшысы осында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Сонымен Президент Шавкат Мирзияевтің Қашқадария облысына сапары аяқталып, Бұхараға жол алды.



