11 ақпанда Президент Шавкат Мирзияев Самарқандтың туристік әлеуетін, оның ішінде зиярат туризмін дамыту туралы таныстырылымға қатысты.
Осы жылдың 9 ақпанында Мемлекет басшысы «Өзбекстан Республикасында ішкі және зиярат туризмін дамыту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Онда туристік өнім мен қызметті әртараптандыру, көлік маршруттарын кеңейту және сапасын арттыру, туристерге қолайлы жағдайлар жасау мәселесі қаралған.
Бұл тұрғыдан Самарқандтың әлеуеті өте жоғары. Сондықтан облыста туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Самарқанд ауданында туристік орталық құрылуда. Бұл ғажайып мекенде 8 заманауи қонақ үй мен үлкен конференция залы, мейрамханалар, саябақ және әллеялар пайда болады.


Осы туристік орталықты Самарқанд халықаралық әуежайы, теміржол вокзалы, Имам Бухари кесенесі, Регистан алаңы және басқа да көрнекті орындармен байланыстыратын көшелер жөнделуде.
Самарқанд қаласының туристік әлеуетін дамыту мақсатында 10 жаңа қонақ үй салынуда.
Бүгінгі презентацияда Мемлекет басшысы көлік, жол және байланыс желілерін дамыту, Самарқанд қаласын көркейту, сауда мен қызмет көрсету салаларын кеңейту туралы тапсырмалар берді.



