Мемлекет басшысы Самарқандқа келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» алғашқы саммиті аясындағы іс-шараларға қатысу үшін Самарқанд қаласына келді.
Бүгін Мемлекет басшысы Еуропа кеңесінің Президенті Антониу Коштамен бейресми кездесу өткізеді.

Ертең саммитке қатысушы делегациялар басшыларымен бірқатар екіжақты келіссөздер өткізу жоспарланған.
Ал 4 сәуір күні Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақтың негізгі институттары жетекшілерінің қатысуымен көпжақты іс-шаралар өтеді.
