Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Президентіне көңіл айтты
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазан қаласындағы болған қайғылы оқиғаға байланысты Ресей Федерациясы Президентіне көңіл айттып жеделхат жолады.
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Владимирович Путин мырзаға
Құрметті Владимир Владимирович!
Қайғылы оқиға - Қазандағы мектепте болған атыс кезінде жазықсыз балалар мен ересектердің қаза тапқаны туралы хабар мені қатты күйзелтті.
Ешқандай түрде ақтап болмайтын осы қорқынышты зорлық-зомбылықты қатаң түрде айыптаймыз.
Сізге, қаза тапқандардың ата-аналары мен туыстарына шын жүректен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін.
Құрметпен,
Шавкат Мирзияев
Өзбекстан Республикасы Президенті