Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Ресей делегациясын қабылдады
23:12 / 2021-04-05

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 5 сәуір күні Иннопром халықаралық өндірістік көрмеге қатысу үшін Ташкентке келген Ресей Федерациясының Индустрия және сауда министрі Денис Мантуров бастаған делегацияны қабылдады.

Иннопром - Ресей Федерациясының Үкіметі экономиканың түрлі салаларында алдыңғы қатарлы технологиялар мен заманауи әзірлемелерді бірлесіп дамыту мақсатында ұйымдастырған ең ірі көрмелерден бірі болып, бұл шара Өзбекстанда алғаш рет өтуде.

Кездесуде Өзбекстан мен Ресей арасындағы кең ауқымды практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, стратегиялық серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.

Денис Мантуров Мемлекет басшысына екі елдің жетекші өнеркәсіптік компаниялары мен банктік-қаржы институттарының қатысуымен ауқымды ынтымақтастық жобалары бойынша бірлескен жұмыс нәтижелерімен таныстырды.

Кездесу барысында іскерлік және аймақтық деңгейдегі көпжақты серіктестікті нығайтуға, экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және жаңа жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.