Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
15:34 / 2022-07-24

24 шілде де Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу басында Қырғызстан Президенті Мемлекет басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, бауырлас Өзбекстан халқына бейбітшілік, гүлдену және даму тіледі.

Алдағы жоғары деңгейдегі кездесулердің күн тәртібін дайындау мәселелері талқыланды. Екі ел үкіметтері сауда келісімдері мен өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы келісімдердің жаңа кешенін, сондай-ақ Өзбекстан-Қырғызстан стратегиялық серіктестігінің басымдықтары бойынша басқа да екіжақты құжаттардың дайындаудың маңыздылығы атап өтілді.

Энергетика және көлік салаларындағы ірі өңірлік жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

Өзбекстан басшысы Қырғызстан Президентін осы жылдың 20-21 шілдесінде Шолпан-Ата қаласында өткен Орталық Азия елдері басшыларының кезекті Консультативтік кездесуінің сәтті өтуімен тағы да құттықтады.