English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы құттықтау жолдаған баршаға алғыс айтты
12:21 / 2021-07-25

Туған күніммен шын жүректен құттықтап, шын жүректен ізгі тілектерін жолдаған шет мемлекет және үкімет, халықаралық ұйымдар басшыларына, шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне, бизнес өкілдері, елдің махалла мен еңбек ұжымдарының өкілдеріне, әр түрлі мамандық иесі болған отандастарымызға шын жүректен ризашылығымды білдіремін.

Мен үшін өте қадірлі болған осынау құттықтаулар мен тілектерді көп ұлтты Өзбекстан халқы мен мемлекетіне деген жоғары құрмет көрінісі, еліміздің әлемдік аренаа өсіп жатқан абырой-беделінің тағы бір танылуы ретінде қабылдаймын.

Сүйікті елімізде ауқымды демократиялық өзгерістерді жүзеге асыруда шешуші күшіне айналған біздің еңбекқор, батыл және мәрт халқымызға тағы бір рет өзімнің шексіз перзенттік сүйіспеншілігім мен құрметімді білдіруден қуаныштымын.

Мен халқымыздың жанқиярлық еңбегі, үлкен құрылыс әлеуетімен және ынтымақтастығымен біз жаңа Өзбекстанды құруда, халқымыздың бейбіт өмірі мен гүлденуін қамтамасыз етуде алға қойған биік мақсаттарға жететінімізге сенімдімін.

Құрметпен,

Шавкат Мирзияев,

Өзбекстан Республикасы Президенті