Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы құрылыс жобаларының таныстырылымына қатысты
22:56 / 2020-11-19

19 қарашада ӨР Президенті Шавкат Мирзияев құрылыс жобаларының таныстырылымына қатысты.

Имам Бухари мемориалдық кешенін қайта құру және кеңейту жұмыстары жоспарланғаны белгілі. Мемлекет басшысы Самарқанд облысына сапары кезінде бұл жұмыстардың жан-жақты өйластырған түрде жоспарлау қажеттігін айтқан болатын. Осы негізде жоба қайта қаралып, жетілдірілген нұсқаға орай, онда үлкен мешіт, төрт мұнара мен кең дәліз, аллея, айналасында қонақүйлер және басқа да инфрақұрылымдық нысандар салу жоспарланған.

Президент презентациямен танысу барысында зяратшы мен басқа да туристерге арналған нысандарды кеңейту жөнінде тапсырма беріп, кешеннің әлемдік стандарттар деңгейінде салыну сапасы, келушілердің жайлылығын арттыру туралы бірқатар нұсқаулар берді.

Сонымен қатар, іс-шарада Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейінің жаңа ғимаратының жобасы талқыланды. Мәдениет министрлігіне қарасты Мәдениет пен өнерді дамыту қорының тапсырысымен әлемге әйгілі жапон сәулетшісі Тадао Андоның жобасы бойынша музейдің қолданыстағы ғимаратының жанынан 3 қабатты жаңа дөңгелек пішінді ғимарат салынуы көзделген.

Бұдан бөлек, презентацияда Ташкент қаласындағы жүріп жатқан құрылыс жұмыстары туралы ақпарат беріліп, онда 200 гектардан астам аумаққа 150 мыңнан астам адамға көп қабатты үйлер мен мектеп, балабақша, саябақ және коммерциялық аймақ салу жобасы көрсетілді.