English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Қазан федералды университетінің филиалына барды
21:04 / 2023-02-10

Президент Шавкат Мирзияев Жызақ қаласындағы Қазан федералды университетінің филиалына барды.

Бұл университет Ресейдегі ең көне және кең ауқымды жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Оның Жызақ қаласындағы филиалы өткен жылы ашылған және қазір онда 325 студент оқиды. Жалпы мекемеде 1 мың 88 орын бар.

Мұнда емдеу жұмысы, стоматология, фармация, медицина биохимиясы, журналистика, экономика, геология, лингвистика, бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелері мен технологиялар, технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру сияқты 11 сала бойынша мамандар даярланады.

Мемлекет басшысы мекемеге қосымша ғимарат бөліп, нысандарды кеңейтуді тапсырды.