Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Қатардағы ірі инвестициялық холдинг басшысын қабылдады
21:08 / 2023-10-02

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 2 қазан күні Доха қаласындағы өзіне арналған резиденцияда Қатар мемлекетінің бұрынғы Премьер-Министрі, елдегі бірқатар ірі инвестициялық және өнеркәсіптік холдингтердің негізін қалаушы Хамад бен Джасим әл Сониді қабылдады.

Өзбекстан мен Қатардың жетекші компаниялары мен кәсіпорындары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

Оның қатарында энергетика, өнеркәсіп, инфрақұрылым, туризм, банк және қаржы салаларындағы перспективалық жобаларды іске асыру қарастырылған.

Мемлекет басшысы сарапшылар тобын жасақтап, «Жол картасын» қабылдау арқылы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жеделдету маңыздылығын атап өтті.