English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Қашқадария облысына келді
17:02 / 2022-04-21

Президент Шавкат Мирзияев 21 сәуірде облыс экономикасы және халықтың тұрмыс жағдайымен танысу мақсатында Қашқадария облысына келді.

Сапардың алғашқы мекені «Кукдала» ауданы болды. Бұл әкімшілік бірлікті құру идеясы Шавкат Мирзияевтің сайлауалды бағдарламасына енген болатын.

Олий Мажлис Сенатының биылғы 17 наурыздағы қаулысына сәйкес, халыққа қолайлылық жасау және урбанизация процестерін реттеу мақсатында Шырақшы ауданының бір бөлігінде «Кукдала» ауданы құрылды.

Президент сапары қарсаңында осы жаңа ауданда «Шырақшы кластер» ЖШС тігін кәсіпорны іске қосылды. Оның ғимараты жеңіл конструкциялардан жасалған болып, онда 500-ге жуық жергілікті әйелдер мен жастар жұмыспен қамтылған.

Мемлекет басшысы кәсіпорындағы жұмыс барысын көріп, ондағы жұмысшы қыз-келіншектермен сұхбаттасты.

– Көрдіңіз бе, біз әйелдерге қатысты көптеген қаулы қабылдап, ұйымдастыру шараларын көрудеміз. Мұның түпкі мақсаты – қуанышыңызды көру. Әйелді, қызды жұмыспен қамтысақ, оның көңіл-күйі бүкіл отбасына әсер етеді, балаларын жақсы оқытады. Бүгін біз көптеген жоспар және мүмкіндіктермен келдік. Біз Өзбекстанда армандар орындалатын заман құруға әрекет етудеміз, – деді Шавкат Мирзияев.

Кәсіпорын жылына 7 миллион дана дайын киім шығаруға қауқарлы. Өнімдердің басым бөлігі «Samo» брендімен экспортталады. Осы мақсатта шетелдік танымал брендтермен ынтымақтастық жоспарлануда.

Кластер басшысына мақта өнімділігін арттырып, жаңа жерлерді игеру тапсырылды.

Кездесу барысында осы ауданының әкімшілік орталығы болып белгіленген мекенде инфрақұрылымды дамыту керек екені айтылып, Мемлекет басшысы қалашықты егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен танысты.

Аудан аумағы 171 мың гектер болып, 32 махалладан құралған. Жоба бойынша қалашықта аудан әкiмшiлiгi мен жергiлiктi басқармаларға арналған ғимараттар, «Жаңа Өзбекстан» массивi, балабақша мен мектептер, емхана, саябақ, жол бойындағы қызмет көрсету және халықаралық маңызы бар сауда үйлерi салынады. 159 шақырым жол жөнделіп, 50 шақырым ауыз су, 80 шақырым электр желісі тартылады.

Президент жаңа ғимараттарды энергияны үнемдейтін әдіспен салу, үйлердің төбесінде күн батареяларын орнату қажеттігін айтты. Осылайша мұнда 500-1000 мегаватт күн электр стансасы мен күн батареяларын шығаратын зауыт салу мүмкіндігін зерделеу  бойынша тапсырма берілді.

Осы жерде халық өкілдерімен кездесу өтті. Олар бұған дейін Шырақшы ауданының орталығына жету үшін 2-3 сағатта жол жүретінін, соның салдарынан көптеген қиындықтар мен шығын болғанын айтты.

-«Кукдала» ауданын құрудағы басты мақсат – мұнда тұратын 182 мың адамға лайықты өмір сүру жағдайын жасау, жұмысымызды экономикалық даму және жұмыспен қамтудың жаңа деңгейіне көтеру, - деді Шавкат Мирзияев.

Осы мақсатта ауданды кешенді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 3 жылдық бағдарламасы әзірленетіні айтылды. Инженерлік-коммуникациялық желілер мен әлеуметтік нысандарды салуға 2 триллион сумға жуық қаржы бөлінеді. Биылғы жылы 260 миллиард сумдық 18 жоба іске қосылады.