Мемлекет басшысы Қашқадария облысына барады
Президент Шавкат Мирзиёев өңірлердің дамуы, халықтың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Қашқадария облысына барады.
Жұмыс сапар барысында өнеркәсіптік кәсіпорындар, оқу және медициналық мекемелер, елді мекендерді аралау жоспарланған. Сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында жыл соңына дейін және алдағы жылы атқарылатын міндеттерге арналған жиын өткізу көзделген.