Бүгін, 12 қаңтарда Президент Шавкат Мирзияев елдегі маңызды оқиға - Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің 29 жылдығы және Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қарулы Күштер академиясына барды.
Мемлекет басшысы білім жұртының қызметін және ондағы қолайлықтар, білім беру инфрақұрылымын жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстармен, сондай-ақ Қарулы Күштердің заманауи қару-жарақ, әскери техникаларының үлгілері мен ұлттық қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының өнімдерімен танысты.
Одан кейін академияда Өзбекстан Республикасы Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысының төрағалығында Қарулы Күштер мен әскери-әкімшілік секторлардың 2020 жылғы жұмыс қорытындылары және болашақтағы басымдықтары туралы Қауіпсіздік Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері, Қарулы Күштердің басшылығы мен командалық құрамы, жергілікті билік органдарының басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан жиында, ӨР Президенті тарапынан елдің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыру бойынша атқарған жұмыстары, Қарулы Күштерді дамыту жөніндегі күш-жігері және олардың нәтижелері қорытындыланды.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді дамыту және елдің қорғаныс қабілетін одан әрі нығайту, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен осыған байланысты озық инновацияларды кеңінен енгізу бойынша маңызды тапсырмалар берді.
Атап айтқанда, барлық деңгейлердегі командалық-басқару органдарының жұмысын жетілдіру, армияға автоматтандырылған басқару құралдары мен кешендерін енгізу арқылы олардың бірлескен жедел және жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру, ақпарат және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету болашақта өзекті міндет болып қала бермек.
Әскери кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру мен әскери ғылымды дамыту барысында Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы тарапынан әскери қақтығыстар мен заманауи ұрыс тәжірибелерін және ұлттық жекпе-жек өнерінің тарихын тереңдетіп зерттеп, әскери дайындық әдістері мен тәсілдерін одан әрі жетілдіру міндеті қойылды.
Сондай-ақ, Ташкенттегі «Жеңіс саябағы» мен «Даңқ» мұражай кешенін әскери қызметкерлер, ел тұрғындары, әсіресе жастар үшін әскери тарих пен ұлы бабаларымыздың ерлігін зерттейтін ғылыми орталыққа айналдыру тапсырылды.
Президент Шавкат Мирзияев әскери отбасылардағы моральдық-этикалық ортаны жақсарту, салауатты өмір салты мен бала тәрбиесіне деген көзқарас деңгейін көтеру, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау көрсету және тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары келесіде де негізгі және басым бағыт болып қала беретіндігін айтты.